26 жасар Зеренің өмірі түрме сияқты – бақытсыз неке, өктем ене, үш кішкентай бала және орындалмаған сахна арманы.
Қуанышсыз күндер қосылып айлар мен жылдарға ұласып, Зере өзіне деген сенімін жоғалтады.
Вирустық індет кезінде науқас Зере мүлде көмексіз қалады, ал ауыр дерт жас әйелді қорқыныш пен азаптың тұңғиығына тастайды.
Зере шындық пен сандырақ арасындағы күйге түседі. Өмір мен өлім алдында ол өткеннің елестерімен бетпе-бет келіп, бүгінгі күнмен күресуге мәжбүр болады және ақырында таңдау жасайды: өз «түрмесінде» өмір сүруді жалғастыру немесе өмірін өзгертуге күш табу.